Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаменті мен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Жан» қоғамдық қорымен бірлесіп, сегіз жылдан бері өздері қамқорлыққа алған «Аналар үйі» дағдарыс орталығына барып, балаларды құттықтады.
Бүлдіршіндер үшін «Ертегілер әлеміне саяхат» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, балаларға түрлі ойыншықтар мен қажетті тұрмыстық техника сыйлады.
Жас аналар өз кезегінде қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.