• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Атырауда ауланған балықтың басым бөлігі экспортталды

1025 рет
көрсетілді

Көктемгі балық аулау маусымында балықшылар  6 492 тонна балық аулап, бөлінген лимиттің 87 процентін  игеріп отыр.  

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Жайық-Каспий бассейнінен көктемгі балық аулау маусымына  7 434 тонна квота бөлініпті. Соған сәйкес  Каспий теңізінен – 3 190 тонна, Жайық өзенінен – 2 223 тонна, ал Қиғаш өзенінен  2 021 тонна балық аулау жоспарланды. Балықшылар аулаған балық былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда,  794 тоннаға өсіп отыр. Өйткені  былтыр 5 698 тонна балық ауланған еді.

– Биыл ауланған балықтың 5000 тоннасы өңделіп, 4069 тоннасы Ресей Федерациясы, Украина, Әзербайжан және Израиль елдеріне экспортталды. Қазір  Атырау облысының  аумағында түрлі меншік нысанындағы 18 өндірістік кәсіпорын балық аулау және қайта өңдеумен айналысады. Оның арасында екі  бекіре балығын өсіру зауыты бар. Олар – «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК, - деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Сондай-ақ биыл мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында бекіре балығын өсіру зауыттары үшін 269  балық ауланды. Өткен жылы ауланған бекіре тұқымдас балық саны 241 болатын.