Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыстық ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Ана сезімі» қоғамдық ұйымы мүшелерімен бірлесе отырып «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған шарада балалар мен жасөспірімдерді салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыруға насихаттауға баса назар аударылды.
Балалар тақырып бойынша сұраққа суретпен жауап берді. Әр бала бұл мәселеге өз көзқарасын көрсете білді. Біреуі космос, ашық аспан, табиғатты, үйді, құстар мен ағаштарды бейнелесе, біреуі есірткі заттарын зиянын, бақытты отбасын бейнесін қағазға түсірді.