«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі негізінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3-4 маусым күндері аймақтың оңтүстігінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілетіндігін хабарлады.
Сонымен қатар синоптиктер мәліметінше облыс аумағында оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 пайыз екендігін ескерткен төтенше жағдай департаменті мамандары облыс тұрғындарын барынша сақтануға шақырады.