«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа қорғаушы қосылды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
20 жасар ресейлік қорғаушы осыған дейін «Торос» сапында ойнаған. Жоғарғы хоккей лигасында барлығы 44 ойынға қатысып, 3 (1+2) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңде төрт ойынға қатысып, ешқандай нәтижеге қол жеткізбеген.