• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 03 Маусым, 2020

Жазғы мектептер қашан ашылады?

126 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова «Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау» тақырыбында өткізілген отырыста жауап берді. 

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте жазғы мектептердің 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні айтылды.  Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады. 

Айта кетейік, біз бұған дейін 1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы бар екенін жазғанбыз.