• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2020

«Жаңа кәсіптер атласы» жобасын дамытуға қолдау көрсетеді

298 рет
көрсетілді

Кәсіподақтар федерациясы (КРКФ) «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасы бойынша зерттеулерге қолдау көрсетеді. Федерацияның орталық кеңсесінде өткен кездесуде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен аталған жоба жетекшісі, BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек осындай уағдаластыққа келді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өндіріс процестеріне жаңа технологияларды енгізуге байланысты жұмыс орындарының босауы ұлғаюы мүмкін. Сондықтан «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының маңызы зор деп атап өтті. Мұнай бағасының құлдырауынан және коронавирустық пандемия кесірінен туындаған экономикалық қиын кезең де жағдайға түзетулер енгізуде. Оның айтуынша, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) зерттеулеріне сәйкес, «COVID-19 пандемиясынан туындаған экономика мен еңбек нарығындағы дағдарыс әлем бойынша  шамамен 25 миллион адамның жұмыссыз қалуына алып келуі мүмкін».

«Жаңа кәсіптердің атласы» жобасының дамуы туралы әңгімелей келе, Саясат Нұрбек ҚРКФ -  Қазақстандағы еңбек нарығына қатысы бар ең ірі қоғамдық ұйым деп атап өтті. Жоба бастамашыларының экономиканың тоғыз негізгі саласында жүргізген зерттеулері жақын болашақта Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтарды болжауға мүмкіндік береді. Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастауыш және салалық кәсіподақ бірлестіктері арқылы жан-жақты зерттеу жүргізуге қолдау білдіруі  еңбек нарығындағы мамандықтарға деген нақты сұранысты көрсетіп береді.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың бұл жобадан тыс қала алмайтынын атап өтті. Себебі жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру проблемалары ҚРКФ-да басымдыққа ие.

«Бұл жоба әлеуметтік әріптестерге уақыт өткен сайын сыртқы және ішкі әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, еңбек нарығы қалай өзгеретінін және жаңа мамандықтарға жұмысшыларды қайта даярлау үшін қажетті базаны қалай құруға болатындығын болжауға көмектеседі. Жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру кәсіподақтар жұмысындағы маңызды басымдық болып табылады », - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Кездесуден кейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы барлық еншілес кәсіподақ ұйымдары «Жаңа кәсіптердің атласы» жобасын зерттеуді жүзеге асыруға қосылатынын атап өтті.