• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2020

Шымкентте «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту 10 маусымда басталады

410 рет
көрсетілді

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды.

Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀

Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀

Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға өтініш бере алады.

Оқуға қатыса алмайтын азаматтар:

Ресми түрде жұмыс жасайтындар;

Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар;

Ресми түрде бала күтімінде отырған(декреттегі);

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер;

ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерлер;

Оқуға қатыса алатын азаматтар:

- 18 жас пен зейнет жасына дейін жұмыссыз азаматтар;

- жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен)

- аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)

- көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күн. Оқуды аяқтаған қатысушыларға 2 жылға жарамды сертификат беріледі.

Сертификат арқылы жеңілдетілген несие алуға, басқа да мемлекеттік гранттардың конкурсына қатысуына болады.

Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға(сертификатпен) жеңілдетілген 4% несие алуына да болады. Қаржының көбісі қаржыландыруға жеңілдетілген несиеге бағытталған.

Мемлекеттік грантқа жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтар оқуын аяқтағаны туралы сертификат арқылы қатыса алады.

ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 1 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатысады.

Төмендегі әлеуметтік топтағы азаматтар:

- аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)

- көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар,

мемлекеттік грант конкурсына оқымай(сертификатсыз) қатысуға мүмкіндігі бар.

Қосымша сауалдарыңыз болса, Атамекен кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Сайрам мөлтек ауданы, Ерімбетов көшесі 304 г, «Дәстүр» тойханасының жанында орналасқан.