• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2020

Жұмыс сапасын бақылау күшейеді

273 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі «Мәңгілік Ел» мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігермен кездесуде жұмыстың кемшін тұстары айтылып, оларды тез арада жою тапсырылды.

Жұмыс сапасына барынша көңіл бөлу қажет. Көзбояушылықты қоятын кез әлдеқашан жетт. Осы ретте ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы Nur Otan партиясының филиалы жанындағы  партиялық бақылау комиссияларының да назарында болуы керек деп есептеймін.  Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көшелерді жөнделіп, жарықтандырылады. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды.  Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек, – деді аудан басшысы.   

Бүгінгі күні бағдарлама аясында 40 жоба жүзеге асырылуда. Аудандағы 6 әлеуметтік нысан, 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүріп, 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Он төрт көшеге жарық тартылып, 3 нысан абаттандырылады. Жосалы кенті мен Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдар құрылысы басталады.