Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов есеп беру кездесуінде инклюзивті білім беру мәселесіне тоқталды
«Бұл мәселе өте күрделі. Бұған тек қана тиісті пандустар қою және материалдық жақтан жағдай жасау деп қарамауымыз керек. Өйткені, ең бастысы пандустар емес, бағдарламалар. Ең бастысы – біздің қоғамның дайын болуы. Оқытушыларымыз бен педагогтарымыздың сол балалармен жұмыс істеуге келетін құзіреттілігін дамыту мәселесі. Сондықтан біз бұл мәселені жан-жақтан қарастырып, шешу жолдарын білеміз және тиісті шешімдер қабылдануда. Мысалы, биылғы жылғы қыркүйек айынан бастап қаулы қабылданды. Сол қаулының шеңберінде мектептерде арнайы қажеттілігі бар біздің балаларымыз үшін тьюторлар штатын ашуға мүмкіндік пайда болды», - деді министр.
Сондай-ақ А. Аймағамбетов осы инклюзивті білім беру мәселесі бойынша министрлік әрі қарай да қоғамдық ұйымдармен және азаматтық қоғаммен бірге жұмысты жалғастыратынын айтты.