«Сәби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмегі аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тесттен өтуге мүмкіндік бар, деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.
Экспресс-тесттен өту үшін cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.
Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтауы тиіс, олар:
нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету; қатаң түрде көрсетілген уақытта келу; бетперде киіп келу; емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.Экспресс-тесттілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.
IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады. IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.
Маңғыстау облысы