• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Маусым, 2020

Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 5000-нан аса науқас бар

297 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің медиаорталығында өткен онлайн брифингте індет жұқтырғандардың санын көрсетіп отыратын мобильді картаның жұмысы жайында айтып берді.

«Әлемдік тәжірибеге сай e-GOV порталында коронавирус жұқтырғандардың мобильді картасы әзірленген болатын. Ол карта арқылы коронавирус жұқтырған немесе науқастармен байланыста болған азаматтардың жергілікті жерін көруге болады», - деді Олжас Әбішев.

Вице-министрдің айтуынша, ондағы мәліметтер күн сайын жаңартылып отырады.

«Коронавирус туралы  ресми ақпарат тарататын сайт пен картадағы көрсеткіштерге байланысты  халық арасында түсініспеушіліктер болып жатыр екен. Өйткені бізге келіп түсетін сұрақтардың көбісі осыған байланысты. Ресми сайттағы ауырғандар саны 11 мың деп көрсетілгенімен оның барлығы науқас емес. Оның жартысы індеттен емделіп, ауруханадан шығарылды. Ал қалғаны сәйкесінше, ауруханаларда ем қабылдауда. Электронды үкімет сайтындағы картада біз бұл барлық науқастардың санын көрсетпейміз. Онда тек дәл қазір ауырып жатқан науқастар ғана көрсетілген», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір елімізде коронавирус індетімен ауырып жатқан 5000-нан аса науқас бар. Оның жартысы ауруханада болса, қалғаны үй карантинінде.