• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Маусым, 2020

25 мың дәрігер ұялы байланыс және интернет қызметін тегін қолданады

170 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің медиаорталығында өткен онлайн брифингте коронавируспен күресте еңбек етіп жатқан дәрігерлер ұялы байланыс және интернет қызметін тегін қолданатынын айтты.

«Наурыз айының басында ұялы операторлардың және Цифрлы даму, инновациялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен дәрігерлерге көмек ретінде тегін ұялы байланыс көрсетілді. Бұл сол кезде 90 күнге деп белгіленген болатын. Наурыз, сәуір, мамыр айлары өтіп, маусым айы келсе де бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Біз тағы да ұялы операторлармен және аталған министрлікпен жаңа келісімшартқа қол қоямыз. Қазір бұл қызметті 25 мыңға дейін ұлғайттық. Бұл дегеніміз қазір коронавируспен күресте еңбек етіп жатқан 25 мың дәрігер белгіленген күн бойынша ұялы байланысты тегін қолдана алады. Сондай-ақ 15-20 гигабайтқа дейін интернет тегін болады», - деді Олжас Әбішев.