• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 04 Маусым, 2020

Педагогикалық мамандықтарға түсудің шекті баллы артады

567 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа онлайн есеп беру жиынында айтты.

«Педагогикалық мамандықтың тартымдылығын арттыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бұл тұрғыда басты екі механизмді атауға болады: мұғалім болғысы келетін студенттерге стипендияны арттыру; педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу үшін шекті баллды 70 баллға дейін көтеру қарастырылған. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге дейін артады», деді министр.