Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері Нұр-Сұлтандағы дезинфекциялық жұмыстардың екінші кезеңін бастады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Вирустың таралу қаупі әлі де сейіле қоймаған жағдайда карантиндік шаралар мен санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі.
Әскери қызметшілердің алғашқы тәуліктегі міндеті адамдар жаппай жиналатын орындар мен қала нысандарын өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, олар Тұңғыш Президент саябағы мен ботаникалық бақты өңдейді.
Санитарлық өңдеу жұмыстары үшін жеке газсыздандыру жиынтықтары, дезинфекциялық ерітінділер бөлініп, АРС-14 автоқұю станцияларының қажетті саны және жеке құрамды тасымалдауға арналған автокөлік техникасы жұмылдырылды.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын карантиндік шараларды сақтауға шақырған болатын. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде шұғыл түрде 16 санитарлық өңдеу тобы құрылды. Олар бір аптадан астам уақытта аймақтарда қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеуді жүзеге асырады.
Төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстанның 29 қаласында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жалпы ауданы 50 миллион шаршы шақырымнан асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға, ұзындығы 4000 км болатын жол учаскелеріне дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.