Түркістан облысында Евро - 5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығаратын бірегей жоба жүзеге асырылуда. Ерекшелігі сол – тас көмірден мұнай өнімдері шығарылмақ. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір - химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтқан, 1,5 млрд теңге инвестиция құйылған, жоба аясында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым жерде теміржол тартылған.
Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылуға дайындық үстінде. Өнім тек ел көлеміндегі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне экспортталмақ. Негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон» компаниясы.
Түркістан облысы