• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Маусым, 2020

26 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

140 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлі­метінше, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 3 096 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 26,3 мың жұмыс орны құрылған.

ЖҚЖК аясында жергілікті атқару­шы орындар 6 506 жобаны іске асы­руға ұсынып отыр. Оның ішінде 2 410 жо­ба республикалық бюджет есе­бінен қолға алынуда.

«ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді. Олар әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құрылымдау және салу (2 703 жоба), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қай­­­та құрылымдау (1 039 жоба), инже­­нерлік-көлік инфрақұрылымын күр­делі, орташа және ағымдағы жөн­деу, қайта құрылымдау және са­лу (1 799 жоба), елді мекендерді абат­­тандыру (965 жоба). ЖҚЖК инфра­құрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерек­ше шарт болып табылады. Жұ­мысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алы­нып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілетін бо­лады. Мердігерлер сани­тар­лық-эпидемиялық шаралар­ды қолдана отырып, қауіпсіз ең­бек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс», де­лін­ген министрлік таратқан ақпаратта.

Мамыр айындағы жағдай бо­йын­ша бірқатар өңірде 3 096 жоба тұр­ғысында жұмыс бас­талып, 26,3 мың жұмыс орны құрылған. Мұнда 11,8 мыңы жұмыспен қамту орталықтары ортақ іске тартылған. ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

«Бұдан бұрын хабарла­ған­дай, ЖҚЖК жүзеге асыру­дың айтарлық­тай оң әсері сезілмек. Мысалы, 80 жаңа білім беру ны­саны­ның құ­рылысы апатты және үш ауы­сымды мектептердің мәсе­лелерін шешуге, ауылдық жерлерде білім беру орындарына қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ 7 мыңға жуық мұға­­­лімді тұрақты жұмысқа орна­ластыруға мүм­­кіндік бе­реді. 24 денсаулық сақ­­тау ныса­­ны­­ның құрылысы ал­ғаш­­­қы меди­­ци­на­лық-санитарлық кө­мекке қол­жетімділікті арттырады, сон­дай-ақ шамамен 1 мың медицина қыз­меткерін жұмысқа ор­наластыруға мүмкіндік бе­ре­ді. 36 мәдениет жә­не спорт ныса­нының құрылысы бұ­қара­лық спортты дамытуға оң әсер етіп, жастар үшін бос уақыт мәсе­лесін шешуге және 1,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз кезе­гінде, су шаруашылығының 12 жаңа нысанын салу және қол­даныстағыларын жаңғырту халық үшін ауыз судың қол­же­тімділігін арттырады, суар­малы жерлердің көлемін кеңей­туге, пай­даланылмайтын жер­лерді ай­на­лымға тар­­туға, ара­лас салалар­да 77 мың адамды жұмыспен қам­ту­ды қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді. Тұр­ғын үй-комму­нал­­дық ша­руа­шы­лықтың 247 жаңа нысанын салу және қолда­ныс­тағы­ла­рын жаңғырту тұр­ғын үй құ­рылысы үшін жағдай жасайды, ауыл тұрғын­дары үшін ком­му­налдық қызмет­тердің қол­же­тімділігін қам­тамасыз етеді, коммуналдық желінің тозуын тө­мендетеді. Елді мекендерді абат­тандыру олардың сыртқы кел­­бетін жақсартып қана қой­май, аза­мат­тардың қауіпсіз және жайлы дем­алысы үшін жағдай жасайды», дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау ми­нистрлігінің өкілдері.