• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Маусым, 2020

Ілеспе аудармашылар сертификат алды

495 рет
көрсетілді

Өткен апта соңында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізді.

Курс барысында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылды.

Сонымен қатар аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөлісті.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарының сала мамандары қатысқан курсты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Ақнұр Мұхитқызы Төлеубаева жүргізді.  

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Әлібек Асқар бұған дейін қазақ-орыс, орыс-қазақ тілдеріне аударушыларға арналған курстар ұйымдастырылса, бұл жолғы шара, тұңғыш рет мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында қазақ-ағылшын ағылшын-қазақ тілдері мамандарына арналып отырғанын айтып, қатысушыларға біліктілік сертификатын табыстады.

«Мамандықтың мәртебесі деген ұғым бар. Соңғы он жылдың ішінде осы бағытта көптеген жұмыстар жүзеге асты. Бұл шара мемлекеттік қамқорлықтың нақты көрінісі болып табылады. Өте жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD доктор  Ақнұр Төлеубаева.