Биылғы 11 мамырдан бастап қала тұрғындарына барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтап, саябақтарға, алаңдарға мен скверлерге баруға рұқсат етілді. Осыған орайжоғарыда аталған орындардың аумағында күшейтілген дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тұрғындар әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, маска киюге, топ-топпен жиналмауға міндетті. Елорданы өңдеу бірнеше кезеңде жүргізіледі. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.
Сондай-ақ әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда-ойын сауық орталықтары, аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар күшейтілген режимде өңделіп жатыр.