Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде жарты тоннадан астам бағалы бекіре тұқымдас балықты тиеген көлікті ұстады.
– Бұл көлік Құлсары-Сарықамыс тас жолында тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктен аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 килограммнан астам бекіре балықтары тәркіленді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) жүргізіліп жатыр.