• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Маусым, 2020

Базалық мөлшерлемені өзгертуге себеп бар ма?

630 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Ішкі нарыққа соңғы айларда  9,5%  пайыздық дәліз дегенін жүргізіп тұрды.  Сарапшылар 9 наурыздан бастап пайыздық шешім төрт рет жарияланғанын айтады. Оның екеуі – (10 наурызда және 3 сәуір жоспардан тыс болды.  Ал екі рет - кесте бойынша (16 наурыз және 27 сәуір) жарияланды.

Осы үш айда базалық мөлшерлеме шұғыл түрде 9,25% -дан 12% -ға көтерілді, пайыздық дәліз +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін ұлғайтылды. Содан кейін  күтпеген жерден - 9,5% дейін төмендеді, бірақ сонымен бірге пайыздық мөлшерлеме +/- 2 п.п. дейін кеңейтілді.

Мамыр айының соңында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев базалық мөлшерлемені одан әрі едәуір төмендету ұзақ мерзімді перспективада экономикаға жағымсыз салдарға әкелетінін айтты. Бұл сонымен қатар банктердің ресурстық базасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл фактор   банктерде жеке тұлғалардың депозиттерінің ағып жылыстап кетуіне  алып келеді.

Бұл мәселе кезінде парламентте көтерілді, депутаттың сұрауына Ұлттық банк жауап берді: Ұлттық банктің экономиканы 3-4%-дан бастап несиелендіруді бастау үшін базалық мөлшерлемені төмендетуге барлық жағдайлары бар екендігі және бұл мәселеге қажет кезде қайта оралатыны айтылған.  Сарапшылар болса, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдар кезде асығыстыққа жол бермеуі қажеттігін, нарықтың еркіне салуға, нарықтың өзі реттеуіне мүмкіндік беру керектігін айтады.  

Ал бүгін «Ұлттық банк қандай шешім қабылдауы мүмкін?» деген сұраққа сарапшылардың басым көпшілігі  «өзгермейді, осыған дейінгі деңгейде қалады» деп жауап берді. Себебі ішкі нарықта  өзгерістерге бастайтын бетбұрыстар байқалмайды. Қазір дұрысы соңын күтуден өзге жол жоқ. Біз әлемдік экономикаға ықпал ететін кезге жеткен жоқпыз. Қазір біз үшін өзге нарықтарға қарап, ішкі нарықтың беталысын соларға қарап үйлестіруден өзге жол жоқ. Қаржыгер Ілияс Исаевтың пайымдауынша,   теңгенің күш алуы пайыздық мөлшерлеме деңгейін өзгерте алмайды.  Бас банк бұл жерде теңгенің бағамына емес, инфляцияны таргеттеуге ғана басымдық беріп тұр. Бұл тұста Ұлттық банктің рөлі реттеуші емес, пайыздық шешімді қабылдайтын триггердің рөліне көбірек ұқсайды. 

«Қазір инфляция деңгейі 6.4 пайыз. Ол сол шектен асып кетпеу үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейін көтеру керек. Біз пандемияның қыспағынан енді босап келе жатырмыз. Дәл қазір пайыздық мөлшерлемені көтеру жағдайды қиындатып жібереді. Қазір оны өзгертуге себеп көріп тұрған жоқпын» дейді Ілияс Исаев.