• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Түркістан тұрғыны ауласында көкнәр өсірген

2068 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. 

Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде жедел уәкілдер көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 кг-нан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 12,5 кг-ға жуықтады. 

Аталған жайт Келес АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертеді. 

Егер сіз осындай қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.