• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Павлодар облысында карантин шаралары жеңілдетілді

455 рет
көрсетілді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Зәмзәгүл Досжанованың мәліметінше, 1-ші маусымнан бастап, өңірде карантин шаралары  жеңілдетілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автостанциялар қызметіне кірісті. Қоғамдық көліктер, травмайлар да өз бағыттарына көшелерге шықты. Ал облыс аумағындағы блок-посттар алынды. Ресей шекарасының аумағына қойылған 5 автобекет әлі жабық. 

Сондай-ақ түрлі салондар, ательелер ашық, азық-түлік базарлары, шағын маркеттер мен дүкендер де қалыпты жағдайда қызмет көрсетуде. Бірақ кинотеатрлар, жаттығу залдары, сауна, монша, бассейндер әлі ашылған жоқ. Қоғамдық орындардағы тамақтану орындары бір уақытта тек 30 адамды ғана қабылдай алады.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, егер бір аптаның ішінде өңірде коронавирусты жұқтыру деңгейі 5 пайызға төмендесе, жабық тұрған мекемелер ашылады. Өткен аптада облыстағы COVID-19-ды жұқтыру деңгейі 9,2 пайызды көрсетті. Қаулыдағы жаңа ережеге сәйкес тұрғындарға медициналық бетпердені шешуге рұқсат жоқ.

 

Павлодар облысы