Ресейлік аукцион үйі Федор Достоевскийдің қолтаңбасы бар кітаптарын сатылымға шығарды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл букинистік аукциондағы ең қымбат һәм сенсациялық лот болмақ, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлемде музейлік жинақтарды қосқанда Достоевскийдің өз қолтаңбасымен жазылған 80 кітап бар. Сондықтан "Өлі үйдегі жазбалардың" ("Записки из мёртвого дома") алғашқы бағасы 5,5 миллион рубль деп белгіленді.
Айта кетейік, бұған дейін Достоевский қолтаңбасы бар кітаптар жариялы түрде ресейлік немесе әлемдік аукциондарда сатылмаған. Аталған лоттың жазушы творчествосын насихаттаудағы маңызы осы үшін де артып отыр. Аукционға қойылған кітаптардың ішінде Достоевскийдің екінші әйелі Анна Григорьевнаға жазған қолтаңбасы да бар ("От мужа, от отца, Анне, дорогой жене и дочери. Ф.Достоевский. 1 окт 1875"). Аукцион жаһандық пандемияға байланысты алғаш рет қашықтан өткізіліп отыр.