• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Қызылорда тұрғыны ауласына 83 түп сора еккен

570 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында өткізіліп жатқан "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Жаңақорған ауданы Төменарық аулында ауласына сора еккен 61 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлері үй ауласында 83 түп сора өсіп тұрғанын анықтады. Ол заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда, ал ауыл тұрғыны Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

"Облыс көлемінде өткізіліп жатқан "Қарасора-2020" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында департаменттің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткіге қатысты 24 құқық бұзушылықты анықтады", - дейді Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

 

Қызылорда облысы