• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Екібастұзда карантин шаралары күшейтіледі

229 рет
көрсетілді

Кеншілер қаласында 8 маусымда коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркеліп, өсу қарқыны 10,4 пайызды құрады, pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып, Egemen.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім  етті.

"Бір апта бұрын жағдай тұрақты болған", - деді  Батырбек Әлиев.

Дегенмен соңғы аптада жағдай күрделене түсті. Сондықтан карантин шараларын күшейту қарастырылуда. Бір күнде көрсеткіш 10,4 пайызды құрады. 1-7 маусым  аралығында 30,1 пайызға жетті. Аптаның соңына қарай күрт өсіп кетті. Мұндай жағдай карантин шараларын сақтамау салдарынан орын алып отыр. Сондықтан Екібастұзда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Айтуынша,  қазіргі таңда карантин шараларын күшейтуге қатысты  санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленуде. Бұл құжатқа сәйкес қоғамдық көліктердің қозғалысын сағат алтыдан кешкі 20.00-ге дейін, ойын-сауық-сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, саябақтар мен скверлердің жұмысын шектеу қарастырылуда. Сондай-ақ, мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі.

"Әсіресе автобустарда маска тағу режимі күшейтіледі, әлеуметтік  қашықтықты сақтау керек", - дейді өңірдің бас санитарлық дәрігері.

Бұқаралық жаппай шараларды өткізуге тыйым салынады. Карантин шараларын енгізудің мақсаты – аурудың өсу қарқынын тоқтату.   Айта кетерлігі, Павлодар облысында COVID-19-дың 301 жағдайы тіркелсе, оның 191-і Екібастұз қаласына, 102-сі Павлодарға тиесілі.