Жыл басынан бері Қызылорда қаласының аумағында адамдардың суға кетуінің 2 дерегі тіркеліпті. Осыған байланысты қалық әкімдік мамандары қалалық полиция басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп Сырдария өзенінің қауіпті саналатын аймақтары мен су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жүргізуде, - деп хабарлайды Egemen.kz
Рейд кезінде дария жағалауындағы суға түсуге бейімделмеген Көксу, Шіркейлі, Жаңадария, ПМК-29 саяжайы және Сталинск каналдары қамтылуда.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына қарама-қарсы орналасқан Қалғандария көлінде балалардың белгіленбеген орындарда суға түсу жағдайлары байқалып, олар судан шығарылып, ескертпе үн парақтары таратылды.