• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған

898 рет
көрсетілді

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы балалар ауруханасының қызметінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 37 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы.

Атап айтқанда, аталған қызметкерлер "Халық Банкі" АҚ "Интернет банкинг" бағдарламасы арқылы негізсіз төлем тапсырмаларын жасап, кейіннен бюджет қаражатын өздерінің жеке банктік шоттарына аударған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде, мемлекетке келтірілген залал толығымен өндірілді.