• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Қарағанды облысында 50 адам КВИ жұқтырды

402 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 50 адамның  коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ауруға шалдыққандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталған.⠀

Пациенттердің басым көпшілігі, нақты айтқанда 41 адам Қарағанды қаласынан.  Ауру жұқтырғандар арасында Шет ауданының алты тұрғыны бар. Сондай-ақ, Теміртау, Саран қалалары мен Абай ауданының үш тұрғынынан да КВИ анықталды. 

Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қазіргі уақытта олар тиісті ем көмегін алып жатыр.⠀Індет ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілген.⠀

Соңғы мәліметтерге сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 238 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде алты адам індеттен көз жұмып, 530 адам жазылып шықты.

 

Қарағанды облысы