• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2020

Ескі 500 теңге айналымнан шықты

1543 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналмайды. Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Ұлттық банк 2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейтінін де атап өтті. Заңды төлем құралы болып саналатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғыүлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.