• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2020

Республикалық маңызы бар жолдардың 400 шақырымнан астамында жөнделеді

203 рет
көрсетілді

Күрделі жөндеу жұмыстары Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 443 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың біраз бөлігі Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстың Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын байланыстыратын жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар 280 шақырым жолда жүргізілуде. Биыл Чапаев және Қазталов елдімекендері аралығындағы жолдың 35 шақырымында жұмыстар толық аяқтап, қозғалысты ашуды жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өңірдегі "Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы" және "Өнеге – Бисен – Сайхин" автожолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысында респубикалық маңызға ие "Көкпек – Кеген – Түп – Жалаңаш – Саты – Құрметті – Көлсай көліне кіру жолы", "Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы (Түп)" және "Алматы – Бішкек" (16-19 шақырымы) автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайды. 

Павлодар облысында биыл "Қалқаман – Баянауыл", "Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар" және "Қызылорда – Павлодар – РФ шекарасы". Жолдары күрделі жөндеуден өткізіледі. Өңірде қазір 45 шақырым жолда жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысында күрделі жөндеу жұмыстары "Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автомобиль жолының 36 шақырымында, Солтүстік Қазақстан облысында "Булаева – Возвышенка – Мологвардийское – Кирово – Қиялы" жолының 3 шақырымында жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл Қостанай облысында көпір өтпелі бар "РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы" және "Жезқазған – Петропавл" жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда. Мұнда күрделі жөнделетін жол учаскелерінің жалпы ұзындығы – 17 шақырым.