Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлама таратты. Онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала орталығында орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары 11 маусым 20:00 сағаттан бастап жұмыс істейтіні айтылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгіннен бастап Н.Назарбаев даңғылының Заводская көшесімен қиылысатын тұсында, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Ғ.Мұратбаев көшесінен келетін көпір астында, осы даңғылдағы Арай шағын ауданы №2 үй маңында, Яссауи мен Ғ.Мүсірепов көшелері қиылысында және Бейбарыс сұлтан көшесіндегі №9 көп қабатты үй жанында орнатылған құрылғылар іске қосылады. Олардың алдына ескерту белгілері қойылды. Қалған 8 құрылғы кезең-кезеңімен іске қосылады.
Департамент осыған байланысты жүргізушілерден жол жүру ережелерін бұзбауды, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуды сұрайды.
Қызылорда облысы