• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2020

БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстанның саяси реформаларын жоғары бағалады

212 рет
көрсетілді

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелетпен онлайн форматта кездесу өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар Қазақстан Президентінің саяси реформаларды іске асыруын талқылады.

М.Бачелет еліміздегі бейбіт жиналыстар, Саяси партиялар саласындағы, сондай-ақ жала жабуды декриминализациялауға қатысты саяси реформаларын атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар біздің еліміз БҰҰ-ға мүше елдердің әмбебап кезеңдік шолудың үшінші циклі барысында ұсынымдарына шындап қарайтынын және оларды уақтылы жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтінін куәландырады.

Өз кезегінде, Тұрақты өкіл 2020 жылдың ақпан айында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 43-ші сессиясы барысында Қазақстанда жүргізілген реформаларға оң баға бергені үшін, сондай-ақ Жоғарғы Комиссар Кеңсесінің жақында жариялаған 2019 жылғы баяндамасында көрсетілген жобалар мен тренингтерді іске асыру арқылы көрсетілетін көмек үшін Жоғарғы комиссарға алғысын білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бәсекелестік пен плюрализмнің көппартиялық жүйесін дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық заң деңгейінде алғаш рет ұсынылатын парламенттік оппозиция тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған бастамасына назар аударылды.

Жоғарғы Комиссар, сондай-ақ мемлекеттің азаматтық қоғаммен қарым-қатынасын нығайту мақсатында Қазақстанның жүргізіп отырған жұмысымен танысты.

Кездесу соңында ҚР Тұрақты өкілі Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастығы шарттық органдар, арнайы рәсімдер және Ұйымның басқа да тетіктері арқылы ашық және конструктивті диалог арқылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, ол БҰҰ-ның шарттық органдар жүйесін оның тиімділігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі реформалар бастамасын қолдайтындығын білдірді.