• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

"Цифрлық" еріктілер дегеніміз кімдер?

496 рет
көрсетілді

Республика бойынша 500-ге жуық ерікті Азаматтарға арналған үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алу дағдылары бойынша ұйымдастырған тиісті оқу курстарынан өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еріктілер азаматтарға мобильді азаматтар базасында өз бетінше тіркелуге, ЭЦҚ алуға, халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондауға, сондай-ақ egov.kz порталында электрондық қызметтерді алуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысы бойынша 25 ерікті қала мен аудандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында оқудан өтіп қазіргі таңда мамандармен бірге орталыққа келген тұрғындарға кеңестерін беріп қол ұшын созуда.

"Ақтау қаласындағы 15 шағын аудан және мамандандырылған ХҚКО-да электрондық қызметтер бұдан былай көрсетілмейді. Оларды әкімдіктерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында, медициналық ұйымдар мен университеттерде және т.б. жерлерде орналасқан арнайы egov бұрыштарынан алуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден  астам осындай бұрыш бар. Ал Ақтау қаласы бойынша 30 бұрыш бар. Еріктілер азаматтарға сол жерлерде де кеңес береді деп жоспарланған. Сондай-ақ қызметтерді өз бетінше алу бойынша кеңестер халыққа қызмет көрсету ғимаратының кіреберісінде және цифрлы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі", -дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт.

Маңғыстау облысының волонтерлар корпусының жетекшісі Мұқаш Оралбай "Жыл басында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" Маңғыстау облыстық филиалы өңірдегі корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту және азаматтарға электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету бойынша өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойған едік. Бүгінде аталған меморандум аясында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" Маңғыстау облыстық филиалының мамандары "Волонтерлар корпусы" волонтерларын азаматтарға электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету бойынша оқыту жүргізілуде. Оқытудан өткен волонтерлар Ақтау қаласының тұрғындарына, оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты азаматтарға электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндігін үйретіп бастады. Аталған нақты атқарылып жатырған жұмыс - өңірдегі корпоративтік волонтерлік дамуының жаңа сатысы деп есептеймін", - дейді.