• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Келестік кәсіпкер қызанақтың қырық түрлі сортын өсіреді

557 рет
көрсетілді

Қызанақ десе ойыңызға алдымен қызыл түсті жемістің түсері анық. Ал Келес ауданында өсіріліп келе жатқан қызанақтың 40 түрінің 17-інің түсі басқалау екен. Біртілек ауылдық округінде 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келе жатқан "Нұржан" шаруа қожалығында қызанақтың "черри" сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың - 23, қызғылт сортынан 7 түрі бар, - деп жазады Egemen.kz

Қазіргі таңда шаруа қожалықтың іс басқарушысы Нұржан Омаров 4,5 гектар аумаққа қызанақ еккен. Одан күнделікті 15 тоннаға жуық өнім алып, негізінен отандық нарыққа жөнелтуде. Бұдан бөлек, жылыжай кешенінде баялдының 2 түрі, қияр, құлпынай өседі.

Шаруа қожалықтың жалпы 11 гектар жерінің 5,6 гектары жылыжай. Озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ететін кешенде бүгінде 10 адам тұрақты, 35 адам маусымды жұмыспен қамтылған.

 

 

Түркістан облысы