• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Маусым, 2020

Әлемде 1200-ге жуық Zara дүкені жабылады

242 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясына байланысты сатылым екі есе төмендеген соң, Zara және Bershka иесі әлем бойынша 1 200 дүкенін жабады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Inditex концернінің иесі Амансио Ортега тек Zara-ның ғана емес, сондай-ақ Bershka, Pull & Bear және Massimo Dutti дүкендерінің иесі. Оның айтуынша, көбінде ескі және шағын дүкендер жабылады. Есесіне онлайн-сатылым ұлғаятын болды.

Мәлімдемеге сәйкес, қызметкерлер саны қысқармайды. Енді олар онлайн сатылым бойынша жұмыс істейтін болады. Inditex дүкендерінің саны 7 412-ден 6 700-ге дейін қысқарады. Сондай-ақ жаңа 450 дүкеннің ашылатыны белгілі болды. Алайда олардың қайда ашылатыны әзірге белгісіз.

Әлемдегі ең ірі киім ритейлерлерінің бірі Inditex пандемия кезінде қатты зардап шекті. 1 ақпан - 30 сәуір аралығында сатылым 44% - ға яғни 3,3 млрд еуроға дейін төмендеді. Компанияның мәліметінше, осы жылдың  бірінші тоқсансанындағы таза шығын 409 миллион еуроны құраған. Дегенмен, онлайн сатылым тоқсан ішінде жылдық есеппен салыстырғанда 50% - ға және сәуір айында жылдық есеппен 95% - ға өскен.