• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 48 науқастың жағдайы ауыр

274 рет
көрсетілді

Елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды. Жасы шамасы бойынша: 40-50 жас аралығында 2 адам, 50-ден 60 жасқа дейінгі 4 адам, 60 жастан жоғары 8 адам."Науқастардың көпшілігінде қант диабеті, гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек ауруы, қатерлі ісік, сондай-ақ зат алмасуының бұзылуы сияқты жанама аурулар анықталды. Сонымен қатар, дәрігерге кеш қаралу, өзін-өзі емдеу жағдайлары науқастардың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырды. Науқастар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды", деді С. Қисықова.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр.  Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған.