• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

Алматыда COVID-19-ға скрининг жүргізетін жетінші зертхана ашылды

209 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Атакент" ҚІЫО аумағында орналасқан коронавирусты жедел әрі дәл анықтайтын модульды зертхананың ашылуына қатысты, - деп жазады Egemen.kz

Б. Өтемұратовтың Қоры қалаға тегін берген зертханада жұмыссыздарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, стационарға жоспарлы түрлі жатқызылған науқастарға, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бұрыннан бар әрі бақылауға алынған 50 жастан жоғары науқастарға скрининг тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, мұнда эпидемияға қарсы шараларға қатысқан әкімдік қызметкерлері, волонтерлар, белсенділер, патруль қызметкерлері, қарттар үйлерінде, интернаттарда және басқа да арнайы мекемелерде тұратындар, мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері тексеруден өтеді.

"Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және Б. Өтемұратов пен оның командасының барлық мүшелеріне COVID-19 қарсы күреске қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Зертхана ПТР сараптамасының барлық циклын жүргізу құралдармен толық жабдықталған. Жалпы кешенде жоғары технологиялы және биологиялық материалды алатын, сақтайтын әрі белгілейтін, ПТР әдісімен зерттеу жүргізетін жоғары технологиялы 42 құрал-жабдықтар орнатылған.

Зертхана қуаты өте жоғары, мұнда 5000 дейін басымдық беретін күніне 1000 сараптама жасалады. Қор зертхананы жедел түрде 30 мың тест жүргізе алатын қажетті реагент құралдармен толық қамтыған. Зертханада жұмыс істеуге Ұлттық сараптама орталығының 16 зерттеушісі тартылған, олар сегіз адамнан бөлініп, екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.

Жаңа зертхана саны бойынша жетінші. Бұған дейін Алматыда алты зертхана жұмыс жасады, олар: ҰСО, ОРЗ, НПЦСЭЭиМ, MPKQ, Қалалық СПИД орталығы, "Олимп" КДЛ. Сонымен қатар, екі жылжымалы қабылдау пункті ашылған.