Түркістан облысына Армениядан 531 көлік әкелінген. Оның 330-ы жаңадан шыққан қаулыға сәйкес тіркеуге жатады. Бүгінде облыс бойынша 120-дан астам көлік тіркеліп, сары нөмір алған, 10 күн ішінде 300-ге жуық тұрғынға кеңес беріліпті, - деп жазады Egemen.kz
Түркістан қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков тұрғындарға көліктерді тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек онлайн режимде, Полиция департаментінің әлеуметтік парақшаларында тікелей эфир арқылы желі қолданушыларының да сұрақтарына нақты жауаптар берді.
"Тіркеу бойынша жергілікті халық тарапынан көп қойылатын сұрақтардың бірі - тіркеп болған соң, тағы да баж салықтары алынады ма? Әрине, жоқ. Тек бір рет тіркесеңіз болды. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Армениялық көлікті 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болатынын ескерте кетейін. Тіркеу Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар, бұл көлікті өзге адамның атына аудара алмайсыз. Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істейді", дейді А.Тастанбеков.
Түркістан облысы