Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жол желісін орташа жөндеу аясында Сауран көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 13-18 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек", - делінген хабарламада.