• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Маусым, 2020

Италия COVID-19 екпесінің бағасын белгіледі

191 рет
көрсетілді

"Маусымның басынан бері COVID-19 екпесінің туралы ақпараттардан әлемдік ғаламтордың белі қайыса бастады. Жаңалықтардың бет алысы  COVID-19 екпесін ойлап табуға, өндіріске енгізуге барлық ел үмітті екенін, бірақ басымдық адамның ағзасы қабылдағай алса ғана берілетіні белгілі. Италия Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 вакцинасы тегін таратылады", деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен бірге Италияда  министрлік өкілі түсіндіріп отырғандай, екпенің  75 млн дозасы үшін 185 млн еуро төлейді, яғни әр дозасы үшін 2,47 еуро. Бұған дейін Италия Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 екпесі тегін таратылатынын, ал аса қауіпті топқа жататын адамдар оны бірінші болып алатынын айтқан.

"Екпе − COVID-19 проблемасын түпкілікті шешудің бірден-бір тәсілі. Мен үшін бұл әрқашан жаһандық қоғамдық игілік, әркімнің құқығы болады, ал басқалардың артықшылығы емес", деді Италия денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза"  деп жазады РБК.

Осыған дейін The Independent порталы Италияда адам жасушаларында коронавирусты бейтараптандыратын екпені жасап шығарғанын жазған болатын. Жұқпалы ауруларға мамандандырылған Рим ауруханасында тышқандарға жасалған сынақтар оң нәтиже берген, науқастарға сынақтардың тек күзде басталатыны сол кезде айтылған. Препаратты бір рет енгізгеннен кейін тышқандарда вирусқа тосқауыл болатын антиденелер пайда болды. Ғалымдар сынақтан өткізген бес нұсқасы жақсы нәтижеге ие болған. ғалымдар солардың ішінен  екеуіне басымдық берген.

IVA қатысушылары AstraZeneca компаниясымен екпені 2020 жылдың соңында тұтынушыларға бере алатын келісімшартқа қол қойғаны туралы 13 маусымда жарияланды. Алайда содан кейін келісімшарт сомасы жария етілмеді. "Вакцина құны бойынша сатып алынады, бірақ альянстың келіссөзге келуіне байланысты вакцинаның нақты бағасы төленбейді",  деді сенбіде Голландия үкіметі.

Бұл ұстаным екпені  жасаудың соңғы кезеңіне дейін, оның жаппай өндіріске жіберілмейтіндігімен түсіндірілді. AstraZeneca оны шығындарды IVA елдерінің үкіметтері көтеретінін айтты. AstraZeneca сонымен қатар, AZD1222 320 адамға сыналғанын және тесттер екпенің науқастардың жақсы қабылдайтынын дәлелдеді. "Алғашқы кезде  қысқа мерзімді жанама әсерлер болуы мүмкін, мысалы, безгек, бас ауруы, аяқ-қол ауруы немесе SARS. Вакцинация қабылдаған адам екінші рет COVID-19 дертін жұқтырмайды жұқтыруға әкелмейді және адамның иммундық жүйесі ауруды тудыратын SARS-CoV-2 вирусының көзін жою үшін бір егу жеткілікті" деп жазады AstraZeneca компаниясы таратқан баспасөз мәлімдемесінде.