• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Қайта жөндеуден кейін ботаникалық бақ ашылды

607 рет
көрсетілді

Тоқсан жылдық тарихы бар ботаникалық бақ қайта жөндеуден кейін қала қонақтары мен туристерге есігін айқара ашты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Заманауи түрге бөленген жасыл бақта табиғатты тамашалап қана қоймай, саф ауамен еркін тыныстып, демалып қайтуға болады.  

2018 жылы Болат Өтемұратов Қорынының бастамасымен  жасаған болатын. Жобаның жалпы 15 млн АҚШ долларын құрады. Қайырылымдылық мақсатта жүзеге асқан жоба аясында бақтың өсімдіктеріне күтім жасаумен қатар жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру, дизайнында, сәулетін түрлендіру басты жоспарда болған.

Қайта құру аясында бақта 174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылды, оның ішінде сирек түрлер мен сұрыптар – 1300 астам жаңа талдар (балқарағай, боз арша, шие, алма, алмұрт, қараөрік, емен, үйеңкі, қайын, жөкенің түрлері), 40 мың бұта, 130 мың астық тұқымдастар мен көпжылдық гүлдер, 3 мың раушан гүл. Жаңартылған бақтың шынайы әшекейлері болған сакуралар, "Шантеклер" алмұрты, қызыл жапырақты "Роял Ред" үйеңкісі (Еуропаның шектерінен тыс тұңғыш рет отырғызылған), магнолияның бірнеше сорты, Бонсай ағаштары секілді эксклюзивтер отырғызылған.

Қызметкерлері үшін бақтың заманауи түрленуі ғылыми жұмыстардың өрістеуіне мүмкіндік береді. Мамандар көгалдандыру жұмыстарын одан әрі дамытып, қалалықтарға табиғаттың тылсым әлемімен танысуға, қала ортасындағы шағын орманмен танысуға мүмкіндік береді.

 

Алматы