• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Үш министрлік өкілі "Қорғаста" кездесті

493 рет
көрсетілді

Үш министрліктің өкілдері "Қорғас"  шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаев, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев және Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен Ведомствоаралық кеңестің кеңейтілген жиналысы өтті.

Жиын арнайы экономикалық аймақ аумағындағы объектілердің жұмысы, инфрақұрылымының жағдайымен танысу, терминалдардың келушілер мен туристерді қабылдауға дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

Карантин кезеңінде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан бөлек, қонақтардың назарына  шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында келушілерге қосымша қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізіліп жатқан жаңашылдықтар таныстырылды. Солардың ішінде билет рәсімдеу мен багажды берудің электронды форматын, сондай-ақ пайдалануға берілмек "Бизнес терминалды" атап өткен жөн. "Бизнес-терминал" арқылы келушілерге паспорттық және кедендік бақылауды жалпыға белгіленген режимде өтуге немесе қолайлы жағдайда жедел тәртіпте өту бойынша таңдау беріледі.

Аумақты аралау аяқталған соң ведомствоаралық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құрғаннан бастап, үлкен жұмыс атқарылды, дегенмен әлі де талай шаруа бар. Бүгін бар мәселелер мен міндеттерді айқындау, сондай-ақ бірлескен мақұлданған іс-әрекеттерге келу үшін жиналдық", – деп күн тәртібін белгіледі "Қорғас" ШЫХО Басқарма төрағасы Дінмұхамед Әбсаттаров.

Ары қарай жиын барысында қатысушыларға "Қорғас" ШЫХО" АЭА даму стратегиясы таныстырылды. Сонымен қатар баяндамашылар "Қорғас" ШЫХО" АЭА инфрақұрылымы бойынша ағымдағы жағдай мен техникалық жабдықталуы туралы хабарлады.

Спикердің мәліметінше, Стратегия бірінші кезекте туристік және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған, бұл жайт қызмет және тауарлар экспортын дамытуға мультипликативті әсер береді. Екінші кезекте стратегия "Қорғас" ШЫХО" АҚ-тың клиентке бағдарланған компания ретіндегі қалыптасуына мән берілген, үшіншіден инженерлік инфрақұрылымға екпін жасалған.

Ары қарай баяндамашылар "Қорғас" ШЫХО" қызметі тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын талқылауға көшті.

Жиынға қатысушылар, өз кезегінде, атқарылып жатқан жұмыстың маңызын айтып, енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың өзектілігін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Дінмұхамед Әбсаттаров "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында  құрылған қолайлы жағдайлар оның ары қарайғы кеңеюіне жасалған бастапқы база екенін, орталық басшылығы жұмысты ары қарай жалғастыратынын айтты.

"Барлық әріптестеріме алғыс білдіріп, міндеттердің бір бөлігі іске асып жатқанын айтқым келеді. Біз инвестицияларды қалай тартуға болатынын кешенді көріп отырмыз, елшіліктер, сауда өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп, көмек берудеміз. Отандық даму институттарымен келісімшарттар жасау  жоспарда. Әркімнің  жеке сегменті бар, олар серіктестерді және сәйкесінше инвестордарды тарта алады", – деп атап өтті "Қорғас" ШЫХО Басқарма төрағасы.

Айта кетелік, бүгінде инвестициялық жобаларға 112,73 гектар бөлінген, қолдағы бос аудан – 22,56 гектарды құрайды.

Бұдан бөлек, Дінмұхамед Әбсаттаров Қорғас алаңын  Шанхай ынтымақтастық ұйымы сынды республикалық және халықаралық форматтағы іс-шараларды өткізуге пайдалануды ұсынды.