• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Маусым, 2020

Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақтың қос мықтысы жұдырықтасады

987 рет
көрсетілді

Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.  

Айтулы жарыстың басты жекпе-жегінде кімдер жұдырықтасатыны белгілі болды. Шаршы алаңда әлі ешкімнен жеңілмеген қазақтың қос мықтысы – Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек күш сынасады. Екеуінің де әуесқойлар арасында қол жеткізген табыстары елеулі.

33 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы Дәурен Елеусінов әуесқойлар арасында біраз жыл бақ сынады. Ел чемпионы атанды, Азия біріншілігінде қола медальді иеленді, бірқатар халықаралық турнирлерде топ жарды. Ол Қазақстанның мақтанышы, Олимпиада және чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы. Кәсіпқой рингте 8 кездесу өткізген қандасымыз 7 рет жеңіске жетті. Барлығында айқын басымдық танытты. Тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. 

Алатау баурайында дүниеге келген 29 жастағы Арман Рысбек үш дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, бірқатар хзалықаралық жарыстардың жеңімпазы. Дүниежүзілік бокс сериясы додасында "Астана арландарымен" бірге сол жобаның жеңімпазы атанды. Кәсіпқойлар арасында 7 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтаған қазақ боксшысы алты қарсыласын есінен тандырды.