• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Алматыда жаңа медициналық колледж ашылды

1048 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) негізінде медбикелер (медағалар), фельдшерлер мен акушерлер даярлайтын жаңа медициналық колледж ашылды. Колледж еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін бәсекеге қабілетті білікті қызметкерлерді даярлау саласында оқытудың флагманы болуға тиіс, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"ҚазМҮББУ" ­­– Қазақстанның білім беру нарығында сапалы медициналық білім беретін, жарты ғасырдан асқан тарихы бар беделді жоғары оқу орны. Колледждің ашылуымен енді 9 және 11 сынып түлектері медицина саласында үздіксіз білім алу мүмкіндігіне ие болады.

"Жаңа колледждің басқалардан ерекшелігі - медициналық мамандарды даярлауда жылдар бойы университет негізінде жасалған теориялық және практикалық тәжірибе қолданылады. Атап айтқанда, профессорлік-оқытушылар құрамы, университеттің клиникалық базалары біздің медициналық колледждің де оқу-тәрбие процесіне енгізіледі.

Сондай-ақ, біздің колледждің түлектері өздерінің денсаулық сақтау саласының маманы ретінде қалыптасуындағы оқуын университеттің келесі деңгейлері – бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура деңгейлерінде жалғастыра алады", – дейді ҚазМҮББУ ректоры Қайыржан Әбдіхалықов.

Оқу орны алғашқы білім алушыларды 2020-2021 оқу жылына қабылдайды.

 

Алматы