• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Алматы ХҚО-лары жұмыс кестесін қайта өзгертуге мәжбүр

231 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 маусымдағы №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 15 маусымдағы №40 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.

Қаладағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады.