• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2020

Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны қанша тұрады?

681 рет
көрсетілді

Тіркеу автокөліктің иесіне, яғни Армения Республикасында берілген техқұжатта көрсетілген тұлға бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов атап өтті,  - деп жазады Egemen.kz

"Мұндай көліктерді тіркеу сенімхат немесе сақтандыру полисі негізінде басқаратын адамдарға жүргізілмейді, өйткені заңды түрде олар көлік иесі болып саналмайды. Сонымен бірге сақтандыру полисінің негізінде басқа тұлғалардың мұндай көліктерді басқаруға құқығы бар", дейді С.Түсіпов.

Оның айтуынша, Үкіметтің қаулысы аясында автокөлікті тіркеудің құны 11 946 теңгені құрайды, оның ішінде тіркеу жарнасы - 695 тенге (0,25 МРП), төлқұжат үшін төлем - 3 473 тенге (1,25 МРП), МТНБ үшін - 7 778 тенге (2,8 МРП). Ал әкелінетін автокөліктер Арменияның уәкілетті органдарында тұрақты тіркеуде тіркелгендіктен Қазақстанда тіркелген кезде, оларға сары түсті нөмірлер беріледі, өйткені олар басқа мемлекетте тұрақты тіркеуде тұрған көлік құралдары. Бұл ретте нөмірлер автокөлік иесінің нақты тұрғылықты жері бойынша өңірдің кодымен («01» өңірден бастап «17» дейін) беріледі.

"2009 жылдан бастап тыйым салынғандықтан, «оң рульдік» автокөліктерді тіркеу қарастырылмаған. Тыйым «Жол жүрісі туралы» заңмен және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен белгіленген", дейді С.Түсіпов. Сондықтан оң рулді көліктер бастапқыда сол жақ жүріспен жүретін елдерде пайдалануға арналған. Олар Жапония, Ұлыбритания және т.б.