• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Ақмолада волонтерлер қозғалысы жақсы дамып келеді

461 рет
көрсетілді

Волонтерлар төтенше жағдай мерзімінде 11 мыңнан астам отбасыға азық-түлік пен санитарлық қорғану заттарын үлестірген. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев төтенше жағдай мерзімінде белсенділік танытқан өңір волонтерларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының алғыс хаттарын табыстады, - деп жазады Egemen.kz

"Бір біргеміз" республикалық акциясына "Феникс", "Аманат" волонтерлар клубтары, "Думан" педагогикалық отряды мен "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері өз үлесін қосты. Тұңғыш Президенттің бастамасы бойынша 17 мың 225 ақмолалыққа жалпы сомасы 170 млн теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсетілді. Жақсылық жасаудан жарысқан жастар арасынан үздік 27 волонтерға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хат табысталды.   

"Құрметті волонтерлар! Біз сіздердің жүрек қалауымен қоғамның дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз және сіздерге барынша қолдау көрсетеміз. Сіздердің қатарларыңызға қосылуға ұмтылған облысымыздың тұрғындары да күн санап артып келеді. Шынайы көңілмен жасалған жақсылық қоғамдағы ізгілік пен өзара сыйластықты қалыптастыратынына сенімдімін. Сіздерге облыстың барша тұрғындарының атынан алғыс білдіремін! Сіздерді еліміздің нағыз патриоттары деп білемін!", дейді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Өңірде волонтерлық қозғалыс қарқын алып келеді. Облыс аумағында 70-тен астам волонтерлық орталық қызмет атқарады. Олар 3 мыңға тарта еріктіні қамтиды. Сондай-ақ, өзге де жастар ұйымдары, қоғамдық мекемелер де волонтерлық шараларға белсене араласуда.

"Біз біргеміз" республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Оның аясында азаматтарды қаржылай қолдаудың 4-ші толқыны жүргізілмек. Бұл жолы 3950 ақмолалыққа 197 млн 500 мың теңге көмек ұсынылады.