• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйіс көбейген

2010 рет
көрсетілді

Соңғы уақытта Жамбыл облысында көптеген кадрлық ауыс-түйіс көбейген. Жыл басында облыс әкімі қызметін атқарып жүрген Асқар Мырзахметов кетіп, оның орнына Премьер-Министрдің орынбасары қызметіндегі Бердібек Сапарбаев келген болатын. Содан бері күні бүгінге дейін облыс әкімінің төрт бірдей орынбасары ауыстырылды. Білім, туризм сияқты бірқатар басқармалардың басшылары жаңарды. Қордай ауданының әкімі ауысты, - деп жазады Egemen.kz

Күні кеше ғана Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып келген Нұржан Календеров Шу ауданының әкімі болып тағайындалды. Ал, Шу ауданын басқарып келген Жарылқасын Айтақов өз еркімен орнынан кетті. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков барып, таныстырды. Ал, бүгін осы уақытқа дейін облыс әкімі аппаратының басшысы болып келген Алмас Мәдиев облыс әкімінің орынбасары лауазымына көтерілді. Сонымен қатар, Сарысу ауданында екі рет әкім болған Қанатбек Мәдібек бүгін облыс әкімі аппаратының басшысы орынтағына отырды. Өңірде орын алып отырған кадрлық ауыс-түйіс әлі де жалғасуы мүмкін.

 

Жамбыл облысы