Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Ұзақбай "Қазақстанның үздік студенті" атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл туралы оқу орнының қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатындағы сайыс "Білім-өркениеті" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен өтті.
Сонымен қатар талантты бойжеткеннің білім және ғылым саласындағы табыстары аталған байқау аясында жарық көрген жинаққа енгізілді.
Айта кетейік, "Білім-өркениеті" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының көздегені – еліміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтардың біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуына ықпал ету.
Ұйым бірнеше жыл қатарынан халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар, олимпиадалар, байқаулар мен педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп келеді.
АЛМАТЫ